Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп!
Елімізде өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, отбасыларға, мүгедектігі бар жандардарға және жалғызілікті қарттарға әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін зор мүмкіндіктер жасалуда. Мүгедектігі бар жандарға әлеуметтік бейімдеу, олардың жан-жақты дамуына көмек көрсету мәселелері біздің ауданымызда да оң шешімін табуда.
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде бүгінгі күнге 88 жалғызілікті қарт, 14 мүгедектігі бар балалар және 10 мүгедектігі бар азаматтар қызмет алады. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедектігі бар азаматтарға абилитациялау мен оңалтудың» жеке бағдарламасына сәйкес және егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ жалғызілікті қарт азаматтарға тәуліктің күндізгі уақытында 8 бағытта қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетіледі.
Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің іс-жоспары бойынша әлеуметтік қызметкерлердің арасында тәжірибе алмасу мақсатында семинарлар өткізіліп, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіліп отырады. Мүгедектігі бар балалармен мерекелік күндерде көңілін көтеру мақсатында аудандық кинотеатрға, ойын сауық орталықтарына апару іс-шаралары ұйымдастырылып тұрады. Жалғызілікті қарттардың да көңілін көтеру мақсатында аудандық музейге, саябаққа, «Дулат» баба кесенесіне саяхатқа шығарылды. Осылайша, мүгедектігі бар жандармен және жалғызілікті қарттармен біршама игі істер жасалып, тыңғылықты жұмыстар атқарылуда.
Р.Набикулова,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері.