Статистикалық дерек

536 Views

Т.Рысқұлов ауданы бойынша қысқаша ақпараттарға тоқталып өтсек, демографиялық ахуал бойынша ауданымызда 2023 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жағдай бойынша 15 округ, 42 ауыл бар және осы ауылдарда 67566 адам тұрады. 2023 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында 690 нәресте дүниеге келсе, осы аралықта 186 адам қайтыс болған. Табиғи өсім 504 адам болды. Сонымен қатар, 156 неке тіркелген, ал ажырасу бойынша 24 факті тіркелген. Еңбек саласына келсек, бірінші жартыжылдықта жалдамалы қызметкерлердің нақты саны 7311 адамды құрады, оның ішінде 4668 әйел адам тіркелген.
Аудандық Статистика басқармасы 2023 жылғы 1 қазан мен 15 қараша аралығында «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» іріктемелі зерттеу жүргізу жоспарланғанын хабарлайды. Зерттеуді интервьюерлер сіздің үйіңізге барып сауалнама әдісімен жүргізетін болады. Сіздерден интервьюердің сұрақтарына дұрыс шынайы жауап берулеріңізді сұраймыз. Құқық қорғау органдарының жұмысы туралы сіздің пікіріңіз, өз қауіпсіздігіңізді сақтау және аудандағы қылмыс жағдайы, құқық қорғау жүйесінің жұмысын жақсарту бойынша мемлекеттік саясаттың тиімділігіне қол жеткізу үшін қажет. ҚР «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына сәйкес, сізден алынған ақпарат қатаң құпия сақталып, тек статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатынына кепілдік беріледі. Сіздерден белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Респонденттер мен stat.gov.kz сайтын пайдаланушыларға тағы да ескертетін жайт, біздің сайтта сіздерге көмек ретінде «Онлайн-консультант» және 1446 қысқа нөмірі бойынша байланыс орталығының іске қосылғандығын ескертеді. Сонымен бірге, техникалық қолдау және сайт бойынша навигация жөнінде ақпарат алу үшін Telegram-Bot STATGOVKZ_BOT жұмыс жасайды. Есеп нысандарын тапсыру бойынша қиындықтар туындаған немесе сұрақтарыңыз болған жағдайда Т.Рысқұлов ауданының статистика басқармасынан 8(72631) 2-18-55 телефон нөмірі бойынша кеңес алуларыңызға болады.
Мекенжай: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №61, 3-ші қабат.

Б.Пірімқұлов,
Т.Рысқұлов аудандық статистика басқармасының басшысы.

Поделиться ссылкой: