Дерматомикоз – жұқпалы ауру

195 Views

Дерматофития – шашты, теріні, тырнақты, аяқты, бетті зақымдайтын микозды жұқпа. Ол халық арасында теміреткі деген атпен белгілі. Терінің микозды ауруы (микоздар немесе дерматофития) – адамның терісіне ауру тудыратын микроскопиялық саңырауқұлақтардың енуінен пайда болатын жұқпалы ауру. Олар табиғатта кең таралған. Қазіргі уақытта адам терісінің жұқпалы ауруын тудыратын 500 түрі белгілі. Ауру туды­ратын саңы­рау­құлақтар теріге басқа да жұқпа­лардың енуіне жол ашады және аллергиялық аурулардың негізгі себеп­терінің бірі болып табылады. Адамдар мен жануарлардың дерматомикоздары ветеринарлық және әлеуметтік-меди­ци­­налық ең өзекті мәселе. Қазіргі уа­­қытта бұл мәселеге ерекше көңіл ау­да­­­­рылуының себебі – жұқпаның өте жыл­дам жұғуына және таралуына бай­ла­­нысты. Дерматомикоздармен көбі­несе балалар ауырады. Аурушаңдық дең­гейі жылдың күз-қыс мезгілдерінде кө­те­рі­ле­ді. Ауру көздері науқас адамдар және үй жануарлары болып табылады (ірі қара малдар, мысықтар, иттер). Те­міреткі ауырған үй жануарларынан және ауру қоз­дыр­ғышымен залалданған әртүрлі қор­шаған ортадағы заттардан жұғады. Үй жануарларын лас, қараңғы, тар қора­ларда ұстағанда олардың ара­сын­да дерматомикоз ауруы кең таралады. Ауру қоздырғыштары жануарлардың жүн­дерімен, тері қабыршақтарымен қора-жайдың еденіне, қабырғасына, тө­сем­шелеріне, малдардың күндізгі тұра­ғына түседі. Мысықтар ауырмаса да жүн­дері­мен микоздың қоздырғыштарын үйге әкеледі.
Жұғу жолдары:
– Қатынастық-темірет­ке­нің қоз­дыр­ғыш­тарын жұқ­тыр­ған нау­қас­тар­дың тері қабыр­шақ­тары, шаштары, жа­нуар­лар­дың жүндері ар­қы­лы жұғады;
– Тұрмыстық-теміреткінің қоздыр­ғыш­­­тарымен залалданған науқастардың бас киімдері, төсек жамылғылары, та­рақ­­­тары, қайшылары және қолда­ныс­тағы тағы да басқа заттары жұғады.
Дерматомикоздарды немесе те­мірет­кі­ні жұқтырмау үшін:
– Үй жануарларын ұстағаннан кейін қол­ды мұқият сабындап жуыңыздар;
– Сүлгі мен жамылғыларын жиі-жиі жуып, үтіктеп отырыңыздар;
– Тарақтарыңызды үнемі таза ұс­тап, іш және бас киімдеріңізді, тарақ­тары­ңызды басқа адамдардың пайда­лануларына жол бермеңіздер.
– Шаштаразға, спорт залына бар­ғаннан кейін міндетті түрде душ қабыл­дап немесе моншаға түсіңіздер;
– Дерматомикозбен ауырған үй жануарларын далаға тастамаңыздар;
– Балаларыңыздың кезбе иттермен және мысықтармен ойнауларына жол бер­меңіздер;
– Мысықты немесе итті асырауға алу алдында, оларды аумақтық вете­ринарлық дәрігерге тексертіп, дер­матомикозға қарсы вакцина салдырып алы­ңыздар.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда өздіктеріңізден ем қолданбай бір­ден дәрігерге қаралыңыздар.

С. Ускенбаев,
Т.Рысқұлов аудандық сани­тариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының
басшысы.

Поделиться ссылкой: