Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бекітілген «Есірткі қылмысына қарсы күрес» жобасы еліміздегі құқық қорғау мен атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіріп, есірткі қылмысының заңсыз айналымының алдын алуды көздейді.
Бүгінгі күнге жоба аясында Т.Рысқұлов ауданында ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жою жөнінде көшпелі комиссия құрылды. Жабайы қарасора өсетін 9 ауылдық округтің маңында орналасқан құмды алқаптардағы 30 гектар жер аумағындағы 17 тонна сора тұқымдас өсімдіктер шабылып өртелді.
Дегенмен, атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, қылмыскерлермен есірткі затын заңсыз сату және аса ірі мөлшерде сақтау түріндегі қылмыстары тоқтамауда.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың шілде айында Жуалы ауданының 3 тұрғыны өздерінің автокөліктерімен Меркі ауданына қарасты Қарасу ауылына келіп, жолдан 500 м алшақ жерде өсіп тұрған жабайы кендір қурайдың кеппеген жапырақтарын және каннабис өсімдігін полипропилен қаптарға салып, жалпы салмағы 27,3 келі «кептірілмеген марихуана» және 2,9 келі «каннабис өсімдігін» жинаған.
Аталған тұлғалар профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында Т.Рысқұлов аудандық ПБ-нің қызметкерлерімен құрықталған.
Орын алған дерек Т.Рысқұлов аудандық ПБ-нің СДТБТ-не ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталған.
11.09.2023 жылғы аудандық соттың үкімімен аталған тұлғалар ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, әрқайсысы 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасына сотталды.
Бұл жағдайда, есірткінің салдарынан 3 отбасы асыраушыларынан белгілі бір уақытқа айырылды және асырауындағы балалары тиісті әкелік тәрбие алу мүмкіндіктерінен шектелді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Есірткіге қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, қоғамның да міндеті. Алдын алу шаралары, яғни профилактикалық жұмыстың маңызы зор. Сондықтан қоғам болып бұл қауіпті дертпен бірлесіп күрескеніміз абзал!
Осыған байланысты синтетикалық есірткілерді жарнамалайтын интернет-сайттар, граффити-хабарландырулар және басқа да есірткіге қатысты мәліметтер болған жағдайда «Narko Shekteu Taraz» телеграмм-ботына хабарлама берулеріңізді сұраймыз.
Т.Рысқұлов аудандық прокуратурасы.