Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Апта басында аудандық «Достық үйінде» келелі кездесу өтті. Оған аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық билер кеңесінің төрағасы Серік Өтегенов, аудандық орталық мешіттің бас имамы Сұлтаншәріп Жадыраев, аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Ерболат Жәдік бастаған бір топ жастар қатысты.
Аталмыш басқосуда дәл қазіргі таңда елімізде актуалды тақырыптарға айналған мәселелер қаралды. Атап айтар болсақ, жиын барысында мемлекеттік тілдің мәртебесі, білім және денсаулық саласында кездесетін олқылықтар және бала тәрбиесі жөнінде кеңінен сөз қозғалды. Сондай-ақ, жиында жастар арасындағы ажырасу фактілерінің көбейгендігі де сөз болды.
Аға және кіші буын өкілдері ұзақ пікір алмаса келе, қолда бар барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, мәселелерді оңтайлы шешуге уағдаласты.
Аслан Базарбаев.