Сот кабинеті – бүгінгі уақыттың жаңа талабы

211 Views

Сот кабинеті – заманауи элек­трон­дық ақпараттық сервис. Ол сот органдарының онлайн сервисіне қол­жетімді бірыңғай жүйе болып сана­латын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.
Заманауи ақпарат­тық техно­логияларын қолдану нәтижесінде сот саласы барынша ашық, әрі қолжетімді болып табыла­ды. Яғни, сәтті жүзеге асырыл­ған жүйе­нің бірі – «сот кабинеті» элект­рон­дық қызметі. Сот кабинеті сот органдарының сервисіне элект­ронды түр­­де кіруге арналған бірың­ғай терезе болып табылады. Азамат­тар мен заңды тұлғалардың кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден неме­се кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде «Сот кабинеті» интер­нет-сер­висі www.sud. kz ар­қылы электрон­ды түрде талап арыз­дарды (арыздарды) беруге, шағымдар мен өтін­іш, хаттарды жолдауға, сондай-ақ, істің қаралу барысын бақы­лау­ға мүм­кіндіктері бар.
«Сот кабинеті» ар­қылы сақтан­дыру компания­лары әкімшілік сот қаулыларын еркін алуға мүмкін­діктері қарас­тырылған. «Сот кабине­тінің» мобилдік қосымшасы көптеген пор­тал сервис­тарымен сәйкестендірілген. Олар: ұсынылған немесе жі­беруді күту­­дегі құжаттарды қарастыру, сот отыры­сы­ның қатысу­шылардың тіз­­бесі; тыңдалатын істердің тізімі, хабарландырулар және т.б. қызметтер көрсетілуде. Ол жеке және заң­ды тұлғаларға қолайлы болып табылады.
Бүгінгі күні «Сот кабинеті» сер­висінде QR-кодтарының жаңа технологиясы енгізілді. Яғни, халыққа ыңғайлы болу үшін «Сот кабинеті» сервисінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетігі өзгертілді. Ендігі кезекте авторизациядан өту және құжаттарға қол қою «Egov mobile» мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) арқылы мүмкін болады.
«Сот кабинеті» сер­висін енгі­зудің негізгі қағидат­тарының бірі – халықтың сот ақ­паратына кеңі­нен қол жеткізуін, сондай-ақ, сот органдарының ашық­ты­ғын қам­тамасыз ету болып табылады.

М.Нүсіпәлі,
аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы.

Поделиться ссылкой: