Ажырасу оңай, түпкі негізді ойла!

133 Views

Отбасын сақтау мәселелері мен некені бұзу туралы даулардың көбею себептері Тұрар Рысқұлов аудандық сотында дөңгелек үстел барысында талқыланды.
Іс-шараға судья С.Узбеков, билер кеңесінің төрағасы С.Өтегенов, сондай-ақ аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының және заң кеңесінің өкілдері қатысты.
Іс-шараны аша отырып, судья С.Узбеков статистикалық мәліметтер мен сот тәжірибесінен нақты мысалдар келтірді.
Спикер некені бұзу туралы істер санының артқанын және бұл мәселені тұтас қоғамның проблемасы ретінде қарастыру қажеттігін, себебі отбасы мемлекет пен қоғамның негізі болып табылатынын атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында отбасылық келіспеушіліктердің себептері мен салдары жан-жақты талқыланып, бірлескен ұсыныстар әзірленді.
Соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: