Ботулизмнің алдын алу
36 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын алғаш рет 1992 жылы айтқан еді. Осылайша, 1995 жылы Елбасының жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ал 2015 жылы оның 20 жылдығы тойланды. Мәңгілік Ел болу – қазақ елінің ең асыл мұраты десек, оған бізді бастайтын бірден-бір жол – бірлік. Осының бір дәлелі ретінде, қаймағы бұзылмаған Т.Рысқұлов ауданында бірліктері жарасқан көптеген ұлт өкілдері мекендейді. Ынтымақтың туын желбіреткен ауданымызда төрт бірдей этномәдени орталық бар. Бұл этномәдени орталықтар облыстағы, аудандағы барлық мәдени іс –шараларға, байқауларға қатысып, өздерінің салт-дәстүрлерін, мәдениет, қөлөнерлерін көпшілікке көрсету арқылы бірнеше алғыс хаттармен марапатталып, халықтың ыстық ықласына да бөленіп келеді.
Бұған дейін аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде «Достық үйі» салтанатты түрде ашылып, онда халықаралық аналар мерекесіне орай «Өнегелі асыл ана» атты өзге ұлттар арасындағы аналармен кездесу кеші, «Өз тіліңді қадірле, өзге тілді құрметте» атты әр ауылдық мекендегі өзге ұлт өкілдерінің өнерпаздарының байқауы, «Ынтымағы жарасқан ел ұрпағы» атты этномәдени орталықтар арасында фестиваль және басқа да көптеген іс-шаралар өткізілді. Аталған шаралардың барлығына да этномәдени орталық өкілдері бір кісідей атсалысып келеді. Сол өнерпаз орталықтардың бірі – “Қарашай” этномәдени орталығы.
«Эльбурс» қарашай энографиялық ансамблі 2012 жылы құрылды. Жетекшісі – аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінің қызметкері Эльмира Жақсыбайқызы Асылбекова. Бұл ансамбльдің құрамында 10 өнерпаз бар. Басқасын айтпағанда, ансамбль құрамында өнер көрсетіп жүрген Байрамуковтар отбасы жуырда Тараз қаласында өткен облыстық «Традиции моей семьи» атты фестивальде жүлделі ІІІ орынға ие болды. Әрине, олар бұл байқауға жыл сайын қатысып келеді. Осы орайда, «Эльбурс» тобының мүшесі, әнші, биші, сондай-ақ, еркін күрестен бірнеше облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар жеңімпазы Абдулла Байрамуковтың да еңбегі зор екендігін айта кеткен жөн.
Салтанат РАХМЕТУЛЛАҚЫЗЫ.