Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Қыранға теңеп, мінезі мен ән-тұлғасын,
«Мұзбалақ» деп Мұқағали жырлаған, нар тұлғасың.
Қазақтың маңдайына біткен батыр,
Жас ақындар саған жырын жолдасын.
Тумасы көне Тараз, Жамбылдың,
Қаһармансың, бірісің сен арлы ұлдың.
Аты әйгілі әлемге батырымыз,
«Шаң тимес» деп алған халық лақабын.
Имаш баба ұрпағы, Момышұлы,
Өмірі болған екен сырға толы.
Тең ұстаған қару менен қаламды,
Бас әріппен тарихта аты қалады.
Қазақтың Бауыржаны, қолбасшысы,
Ел сыйлаған батыры, ардақтысы.
«Бір түннің тарихы» мен «Біздің семья»,
Басылымның болған екен алғашқысы.
Халқыңның жүрегінде «Ұшқан ұя»,
Сипаттаған салт-сана, ұлтшылдықты.
«Мәскеу үшін шайқас», «Адам қайраты»,
Бейнеледі ерлікті, қайсар рухты.
Жүрек жұтқан алпауытсың, алыпсың,
Бауыржан ата қаһарманы халықтың.
Тәлімгері тәрбие мен тәртіптің,
Дара тұлға, сәулесісің жарықтың.
Өзі де өткір, сөзі де өткір батыр баба,
Найзадан қол босаса қалам ала…
Жалтақтамай, именбей ашық жаздың,
Сол заманның шындығын сіз толғана.
Мұзбалақтай көк аспанда самғады,
Қалықтады, қанаттары талмады.
Арманы еді азаттықтың ақ таңы,
Лаулады өшпей, қыран атын сақтады.
Сабина Жұмаділ,
Қорағаты шағын орталықты орта мектебінің
10-сынып оқушысы.