«Ардагерлерді қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданы аумағында «Ардагерлерді қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында ауданның 50 ардагері Түркістан қаласына 2 күндік туристік сапарға жіберілді. Сонымен қатар, 1 қазан Қарттар күніне орай аудандық ардагерлер мен қарттар арасында спартакиада, «Баталы елге бақ қонар» атты батагөйлер жарысы, «Терме» атты термешілер жарысы ұйымдастырылды. Жоба соңында жастар мен жасөспірімдер арасында ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, отбасы институтын қалыптастыру мақсатындағы кездесулер ұйымдастырылды.
Абзал Мұқатаев,
«Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының президенті.