Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Мемлекет басшысының әр 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуға қатысты тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында жыл басынан бері 15,6 мың жұмыс орны ашылып, жоспар (13,5 мың) артығымен орындалды. Бұл туралы аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппарат кеңесінде жан-жақты айтылды.
Күн тәртібіндегі тақырып бойынша баяндама жасаған Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, ағымдағы жыл басынан бері 58,3 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның 25,8 мыңы жастар. Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында құрылған 58,3 мың жұмыс орнының 42,4 мыңы – тұрақты. Басқарма басшысы облыс бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына барлығы 14 749 адам орналасқанын атап өтті.
– Халықты жұмыспен қамту мәселелері 2022 жылдан бастап «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба аясында іске асырылуда. Осы орайда жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 54,2 мың адам тарту жоспарланған болатын. Жыл басынан жоспар 92,7 пайызға орындалып, 50,2 мың адам белсенді шараларға тартылды. Есепті кезеңде 37,4 мың адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 82,6 пайызға орындалды. Сонымен қатар, тұрақты жұмысқа 23,1 мың адам тұрғызылды, – деді Гүлдана Жауынбекова. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытуға 1 054 адамға 400 айлық есептік көрсеткіш (1380,0 млн.тг) мөлшерінде 1 454,5 миллион теңге мемлекеттік қайтарымсыз грант беру қарастырылған. Бүгінге дейін облыс бойынша 784 адам жалпы көлемі 1081,6 миллион теңгенің грантына ие болды. Еңбек министрлігі тарапынан қосымша 100 адамға бөлінген 500 миллион теңге конкурстық комиссияның қарауында. Жалпы құны 546,6 миллион теңгені құрайтын 114 жоба комиссия қарауына жолданған. Облыс әкімі ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналасқандарға міндетті зейнетақы жарналарын аудару көрсеткішінің төмендігін сынға алып, нақты міндеттер жүктеді. Аймақ басшысы бірқатар аудан әкімдерінен жауаптар алды. Қайтарымсыз гранттар бөлуде комиссияның жұмысында ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету, тұрғындарға жан-жақты ақпарат беру керектігін баса айтты.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесінің өзектілігін және Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қайта қараудамыз. Бұл бағыттағы жұмыстарды облыстың әлеуметтік салаларындағы және кәсіпкерліктегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алудан бастап, алғашқы нақты шараларды қолға алдық. Бүгінде біз мектептер, ауруханалар, спорт кешендері басшыларының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсетуді қолға алудамыз. Қайтарымсыз грант қаржысының мақсатты түрде жұмсалуы бақылауда болуы тиіс. Бұл тұрғыда комиссияның жұмысын қайта қарау маңызды. Сондықтан бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін қайтарымсыз гранттарды бөлу процесін де тікелей эфир арқылы жүргізу қажет, – дей келе, Ербол Қарашөкеев жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.