ӘКЕ – отбасының тірегі
Жуырда №1 мектеп-лицейінің базасында дәл осындай тақырыпта аудандық семинар-кеңес өтті. Семинардың мақсаты – мектеп пен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты, әкеге деген құрмет сезімін нығайту, оның бала тәрбиесіне, біліміне, тәртібіне ықпал етуіне көмектесу.
Іс-шараға аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бижанов Қожайхан Қазыбайұлы, аудандық «Әкелер» кеңесінің төрағасы Маңғұтов Мырзабек Қарақұлбайұлы, аудандық «Аналар» кеңесінің төрайымы Алагөзова Түзел Сейілбайқызы, аудандық «Әкелер» кеңесінің мүшелері Орынбаев Бармақ Орынбайұлы мен Мұрат Бекбосынұлы қатысып, әке туралы ой қозғады. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының «Асқар тау» әкелер кеңесінің төрағалары 3 топқа бөлініп, әкелерге арналған ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасып, іс-шараға белсене қатысты.
Семинар соңында аудандық «Әкелер» кеңесінің төрағасы Мырзабек Қарақұлбайұлы аудандық «Әкелер» кеңесінің жұмыс жоспарымен таныстырып, алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын іс-шараларды атап өтті.
Г.Ноғайбаева,
аудандық білім бөлімінің әдіскері.