Болашақтың кілті – жастардың қолында!

350 Views

Болашақтың кілті, елдің ертеңі – білімді жастар. Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті тақырыпқа айналды.

Мемлекет тарапынан жас­тарды қолдау үшін жасалып отырған «Жасыл ел», «Жастар кадрлық резервi», «Дипломмен – ауылға», «Серпін», «Ауыл ама­на­ты», «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы және тағы да басқа бағдарламалар өңір жастарына арналған тамаша мүмкіндік.
Жастар табанды еңбек етіп, елімізде болып жатқан оңды үрдіс­терге белсене қатысуы ар­қылы ғана жетістікке қол жет­кізе алады. Сонымен қатар, жастар қоғамға пайдасын ти­гізіп, алған білімін еліміздің өр­кендеуіне жұмсайтын болса, онда келешегіміздің кемел бола­тыны сөзсіз. Жаңа заман – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әре­кет­тенуiн, еңбектенiп өсуiн та­лап етiп отыр. Кез келген мем­лекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Жастар – бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Әрине, еліміздің келешектегі арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Барлық уақытта жастар халық арасындағы ең озық бөлігі болып есеп­телінген.
Алдағы уақытта тәуел­сіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды ірге­лі мемлекетке айналдыру біздің қолы­мызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жас­тар қауымы уақыттың кез келген сына­ғына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, заман­ауи технологияларды меңгерген Отаны­мыздың нағыз патриоттары ғана осын­дай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.
Бүгінгі таңда елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлінуде. Жастар саяса­тына қатысты сан түрлі пікірлер мем­ле­кеттік шеңберде, халықаралық дәре­жеде талқыланды, оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Сондықтан да еліміздің ертеңгі болашағы жастар деп аға буын өкілдері біздерге сенім артады.
Ең әуелі жастардың бойында адам­гершілік, саяси интеллектік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіру – баршамызға жүктелген міндет. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.
Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар аза­мат­тар бүгінгі мектеп оқушысы болған­дықтан, қазақстандық барлық мек­тептердің бүгінгі жайы, даму бағыты мемлекеттің назарында. Сапалы бі­лім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу – әр оқу­шының міндеті. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде әлемдік қауымдастыққа кіре отырып, экономикада айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Осы ретте елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінде адами ресурстардың рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты жаңа тарихи кезеңінің болмысына әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып, оған өз әсерін тигізеді.
Қазіргі таңда Қазақстан – өрке­ниетті, дамыған елдер қатарына ен­ген мемлекет. Тәуелсіздік – жас­тарға жарқын болашаққа жол ашып берді. Осы мемлекетті одан да биік­тен көрсету – білімді жастардың басты міндеті. Ендеше, Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тын­ды­руға міндетті екенімізді естен шығар­майық!

Ерболат ЖӘДІК,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры.

Поделиться ссылкой: