Дау медиация тәртібімен шешілді
Сотқа талап қоюшы «Коллекторлық» агенттігі «А-Омега» ЖШС-нің жауапкер К-ға 73 300 теңге қарызды өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінген.
Соттың іс жүргізуіне талап қоюды қабылданғанға дейін судья медиатордың және билер кеңесі мүшесінің қатысуымен тараптар сотқа дейінгі хаттаманы ұсына отырып, медиациялық келісімге келіп, істі олардың қатысуынсыз қарауды сұраған.
Соттың ұйғарымымен азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, азаматтық іс өндірісімен қысқартылды.
Талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж қайтарылды.
«Құлан таңы» ақпарат.