Бұл жағдайға бей-жай қарамаңыз!

172 Views

Қараша айының 1-і мен 30-ы аралығында аудан аумағында «Мен Сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын!» атты республикалық акция өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру, учаскелік полиция инспекторы мен әкімшілік учаскелерде тұратын азаматтар арасында әріптестік қатынастарды құру және дамыту. Олардың қызметтік тиімділігін арттыра отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бүгінгі таңда жекелеген елді мекендерде учаскелік полиция инспекторы құқық қорғау органдарының жалғыз өкілі болып табылады.
Акция барысында халықпен кездесулер өткізіліп, полиция қызметкерінің және учаскелік полиция пунктінің байланыс деректері бар визиттік карточкаларын тарату, әкімшілік учаскеде орналасқан әрбір үй мен пәтер араланатын болады.

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: