Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлқұжат пен жеке куәлікті алған кезде азаматтарды міндетті саусақ ізін тіркеу енгізіледі. Саусақ ізін тіркеу бұл – саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу.
Міндетті саусақ ізін тіркеудің мақсаты – адамның мүдделерін қорғау, оның заңды құқықтарын, денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 12 жасқа дейінгі балалардан басқа, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің саусақ іздері тіркеуге алынатын болады. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалардың саусақ іздері ерікті негізінде тіркеледі. Саусақ іздерін алу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәліктерді, құжаттарды, шетелдіктің тұруға ықтиярхаттарын және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін рәсімдеу кезінде жүргізілетін болады. Міндетті саусақ ізін тіркеуден өтуден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-1-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қазақстан Республикасы азаматтарының міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартуы екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартуы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік шығарып жіберуге әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың міндетті геномдық тіркеуден өтуден бас тартуы бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Саусақ ізін тіркеудің артықшылықтары құжаттар жоғалған кезде оларды қалпына келтіру әлдеқайда жылдам болады. Саусақ іздері тіркеуден өткен Қазақстан азаматтарының дактилоскопиялық ақпараты иесіздендірілетін болады. Қазіргі уақытта уәкілетті орган жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптары сәйкестігіне сынақтар жүргізілуде.
Аудандық полиция бөлімі.