Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп!

208 Views

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік бейімдеу, олардың жан-жақты дамуына көмек көрсету мәселелері ауданымызда дұрыс көзқарасқа ие. Бүгінгі күнде ауданымызда қамқорлыққа алынған жалғызбасты қарттар саны – 91азамат,18 жастан асқан мүгедектігі бар азаматтар саны – 10 азамат, ауыл бойынша қамқорлыққа алынған мүгедектігі бар балалар саны – 15 бала. Барлығы – 116 азаматқа әлеуметтік мамандар үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Жалпы әлеуметтік мамандардың атқаратын жұмысы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету» стандартына сәйкес, қызмет атқарылады. Қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша күндізгі уақытта үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету келесі адамдарға көрсетіледі:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалар;
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар;
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер;
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;
5) егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге мүнкіндігі жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мүгедектігі бар адамдарға «Абилитациялық оңалтудың жеке бағдарламасына» сәйкес, қызмет көрсетіледі. Жоғарыдағы санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады.
Үйде қызмет көрсету бөлімшесінің мамандары қамқорлыққа алынған азаматтарға стандарт бойынша 8 бағытта арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, әлеуметтік тұрмысты қызмет, әлеуметтік медициналық қызмет, әлеуметтік психологиялық қызмет, әлеуметтік педагогикалық қызмет, әлеуметтік еңбек қызмет, әлеуметтік мәдени қызмет, әлеуметтік экономикалық қызмет, әлеуметтік құқықтық қызмет.
Сонымен қатар әлеуметтік мамандардың қамқорлығына алынған мүгедектігі бар азаматтар мен балалар және жалғызілікті қарттармен мерекелік күндерде арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.

А.Абаева, үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің
әлеуметтік қызметкер.

Поделиться ссылкой: