Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты

132 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммит (СОР28) аясында Қазақстанның және басқа да елдердің мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдары арасындағы бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты.
Мемлекет басшысының қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы жел электр станциясын (1 ГВт) салу жоба­сын жүзеге асыру туралы Үкімет­аралық келісім;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, «Ақтас Энерджи» ЖШС мен «TotalEnergies» компаниясы арасындағы «Жамбыл облысы Мирный кенті аумағында қуаты 300 мегаватт/600 мегаватт-сағат болатын энергия жинақтаушы аккумуляторлық жүйені пайдалана отырып, жалпы қуаты 1 ГВт жел энергиясын пайдаланатын электр станциясын әзірлеу, салу және пайдалануға беру» жобасын іске асыру жөніндегі инвестициялар туралы келісім;
3. Қазақстан Республикасы Энер­гетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ мен Біріккен Араб Әмірліктері Инвестициялар министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында жалпы қуаты 10 ГВт болатын төмен көміртекті энергетиканы дамыту бойын­ша өзара түсіністік туралы меморандум;
4. «Qazaqstan Investment Corporation» компаниясы мен ADQ арасындағы стра­тегиялық серіктестік бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.
5. «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ACWA Power» компаниясы арасындағы энергия жинақтау жүйесі арқылы жиын­тық қуаты 1 ГВт болатын жел электр станцияларын салу жөніндегі жобаны бірлесіп әзірлеу туралы келісім;
6. «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Presight.AI» компаниясы арасындағы цифр­ландыру және ақпараттық техно­логия саласындағы жобаларды іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;
7. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «AD Ports Group» компаниясы арасындағы Қазақстанда кеме жөндеу және кеме жасау кәсіпорнын құру бойынша қағидаттар туралы келісім;
8. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Abu Dhabi Ports Group» компаниясы арасындағы бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;
9. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «SAFC» ЖШС мен «SEFE Marketing & Trading» компаниясы ара­сын­дағы орман-климаттық жоба­ларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
10. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Emirates Nuclear Energy Corporation» компаниясы арасындағы табиғи уран концентраттарын тасымалдау туралы келісім.

AKORDA.KZ

Поделиться ссылкой: