Жақсылықпен кел, Жаңа жыл
52 ViewsЖаңа жыл мерекесі аудан орталығында да, әрбір ауылдық округтерде де ерекше тойланды. Дәл сондай ерекше форматтағы Жаңа жылдық мерекелік кеш Көгершін ауылында да өтті.…
Қасиетіңнен айналайын Құланым,
Жылы жүзбен саған мойын бұрамын.
Қонағыңды отырғызып төріңе,
Ақ пейілмен қарсы алу ғой ұраның.
Тұрар ата есіміне сай атың,
Кімге болса құшағын кең жаятын.
Киелісің, жерің байтақ ұлысың,
Өнер,білім бәріне де бай атың.
Жібек жолын басып барам төріңе,
Шоқтай болып басыласың көзіме.
Небір асыл, тұлғалар сенде өскен ғой,
Қолтаңбасын басып кеткен кезінде.
Асқақтай бер, өніп-өсіп көркейіп,
Тарихыңды аңыз қылып шертейік.
Саяңда сенің кеңге салып арқаны,
Қасымызға саналы ұрпақ ертейік.
Сазгер де бар, әнші де бар жезтаңдай,
Жыршы да бар, ақындар бар ақ маңдай.
Күйші де бар, биші де бар осында,
Тамсандырған жер әлемді кең маңдай.
Қонағыңа айқара ашық есігің,
Бос қалмасын тербетілсін бесігің.
Ұрпақтардан ұрпақтарға жалғасып,
Мәңгі өшпесін Тұрар атты есімің.
Досжан Оспаналиев,
Қайыңды ауылдық мәдениет үйінің қызметкері.
Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жалпыұлттық жобасын іске асыру аясында қоныс аударушылар мен қандастар қатарынан жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуына ықпал жасау үшін халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аудан тұрғындарын ынталандыру үшін «Инстаграм» парақшамызда жергілікті ақпараттық жүйеге хабарламалар жарияланды. Ағымдағы жылы «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен 4 жәрмеңке өткізілді. Нәтижесінде ауданнан жұмыс күші тапшы өңірлерге 17 отбасы, 55 адам қоныс аударды. Оның ішінде: Павлодар облысына – 2 отбасы 5 адам, Қостанай облысына – 12 отбасы 43 адам, СҚО – 2 отбасы 2 адам, Абай облысына – 1 отбасы 5 адам қоныс аударды.
Д.Балпанов,
аудандық «Мансап» орталығының бөлім басшысы.