Мерекелік құттықтау

375 Views

Қымбатты жерлестер! Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтаймыз!
Жаңа жыл – жүріп өткен жылға баға бе­ріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін бере­­тін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жар­­қын өмірге жол сілтейтін мереке.
2023 жыл ауданымыз үшін нәтижелі жыл бол­ды. Инвестиция тарту, құрылыс салу, ауыл шаруа­шылығын дамыту, ауылды газбен қамта­масыз ету және басқа да салалар бойынша алдынғы қатардан көріндік.
Мәселен, Шолаққайыңды ауылына табиғи газ құбырын тарту жұмыстары аяқталып, Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын үй алқабындағы 80 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, Көгершін ауылында мәдениет үйі құрылысы аяқталып ел игілігіне берілді.
Спорт саласында да жеткен жетістіктеріміз аз емес. Аудан тұрғындарының жүйелі спортпен шұғылдануын және инфрақұрылымды дамыту мақсатында Көгершін ауылында дене шынықтыру сауықтыру кешені пайдалануға беріліп, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларында да ауыз толтырып айтарлық көрсеткіштерге қол жеткіздік.
Біздің осы жетістіктеріміз алдағы жылда да өз орнын табатынына, болашақта міндеттерімізді абыроймен орындайтынымызға кәміл сенеміз.
Құрметті жерлестер! Халқымыздың пайымды парасаты мен ынтымағының нәтижесінде ауданымыз оңды істердің ордасына айналып отыр. Жаңа жыл еліміз үшін берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш, молшылық пен ізгілік, денсаулық пен бақыт әкелсін! Елiмiз тыныш, ынтымағымыз мәңгi, болашағымыз баянды болсын! Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!

Аудан әкімі Е.Есіркепов.
Аудандық мәслихат төрағасы Е.ӘбутӘлІпов.

Поделиться ссылкой: