Кеңейтілген отырыс өтті
11 ViewsКеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кеңейтілген отырысқа Жамбыл…
Кеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімі Ернар Есіркепов, жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшелері, ауыл әкімдері, белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыста 3 мәселе қаралды. Алдымен күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша, яғни Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы және ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының Тұрар Рысқұлов ауданында іске асырылуы туралы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ерболат Жәдік баяндама жасады. Содан соң, Қарақыстақ ауылдық округінде мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы туралы ауылдық округ әкімі Ораз Танкеев, жастардың жұмыспен қамтылуы және мемлекеттік «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының ауданда жүзеге асырылу барысы туралы аудандық «Мансап» орталығының директоры Сапар Құлманов баяндама жасады. Баяндамашылардың сөзінен соң аудан басшысы Ернар Серікәліұлы бірқатар ұсыныстарын айтып, нақты тапсырмалар жүктеді. Отырыс соңында аудан әкімі Ернар Есіркепов отырысқа қатысқан барлық азаматтар мен азаматшаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бірқатар азаматтарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Марат Диханбай.