Әлі Бекқұлы – Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы атанды

214 Views

Аудан жұртшылығы ұзақ жылдар ұстаздық қызметте еңбек еткен Әлі Бекқұлы ақсақалдың көптеген атақ пен марапаттардың иегері екенін біледі. Бекқұлы ақсақалдың өте еңбекқор екенін біз де білеміз. Ол қандай іс бас­таса да, жетер жеріне жеткізбей тын­байды. Әрдайым ізденіс үстінде жүреді. Көп оқиды. Газет-журнал, кітап деген құнды дүниенің «бетін» ашпайтын бүгінгі жас буынға Бекқұлы ақсақалдың жасаған әрбір еңбегі үлгі десек, артық айтқан сөзіміз емес.
Бекқұлы Әліұлы ҚР Мәдениет министрлігінің «Үздік өлкетанушы» төсбелгісін, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, Тұрар Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы, сондай-ақ, аудан, облыс әкімдерінің Құрмет грамотасы мен алғыс хатын иеленген көпке сыйлы ақсақал. Бекқұлы Әліұлы жақында Жаңа жыл қарсаңында тағы да бір марапат иеленді.
Ол ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мем­лекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын қо­ғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанып, I дәрежелі диплом иегері атанды. Яғни, Бекқұлы Әліұлының бұған дейінгі иелен­ген марапаттарының арасына енді «Қазақстан Республикасының Құр­метті азаматы» деген марапат қосыл­ды деген сөз. Біз Бекқұлы ақсақал туралы келесі жылы танымдық мақала жазатын боламыз. Әзірге осылай қысқа қайыра тұрайық. Біз өз кезегімізде Бекқұлы Әліұлын кезекті марапатымен құттық­тай отырып, әрдайым тілекші екенімізді біл­діргіміз келеді.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: