Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
23 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Өткен жұмада аудан әкімі Ернар Есіркепов «Amanat» партиясының ғимаратында қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес, кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарға қоғамдық қабылдау жүргізді. Қоғамдық қабылдауда тұрғындар аудан аумағындағы бизнес пен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында өздерін толғандырған мәселелерін аудан басшысына жеткізді. Аудан әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндірді. Қоғамдық қабылдауда көтерілген барлық мәселелердің бақылауға алынатындығын жеткізіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әр тұрғынның өтініші түпкілікті шешілгенге дейін жіті бақылауда болады.
«Құлан таңы» ақпарат.