Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Қайда?
Тұрар Рысқұлов 1938 жылы атылды деп жазылатын. Қабірі Москва түбіндегі Бутова деген деревнядағы зиратта дейтұғын. Бірақ кейін іздеушілер сол Бутовадан таппады. Кейбір басылымдар Тұрардың өлген жылын «1943» деп жүр.
Тұрар Рысқұлов туралы «Служение народу» атты қомақты кітап жазған москвалық профессор В.М.Устинов:
– Өте құпия құжаттар бар. Ол тек генсектің рұқсатымен ғана көрсетіледі. Бір сөз бар: Тұрар Рысқұлов Солтүстік Қазақстанда өлген,-дейді-дағы, сыбырлап:
– Аштан өлген, 1943 жылы, -дейді.
«Ақыр байдың баласы аштан өлген». Тұрар, миллиондарды сталиндік-голощекиндік аштық ажалынан (геноцид) арпалыса арашалаған Тұрар Рысқұлов ақыр соңында өзі аштан өлген?! Әділет қайда, атасына нәлет!
Тым болмаса моласы да жоқ.
Шыңғыс ханның моласын осы уақытқа дейін толып жатқан зерттеушілер таба алмай келеді.
Ал халықты аштық қырғыннан сақтап қалған Рысқұловтың моласын кім іздейді?!
Бір кем дүние.
Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние» кітабынан.