Аппараттық кеңес өтті

132 Views

Өткен аптада аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңестің күн тәртібінде аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға қатысты маңызды мәселелер қаралып, 2023 жылы атқарылған жұмыстарға шолу жасалды. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Рүстем Қуанышбекұлы аудандағы бүгінгі қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндама жасап, жергілікті тұрғындар үшін маңызды ресми ақпарат көзі болып табылатын мерзімді басылымдарға жазылу барысымен бөлісті. Сонымен қатар, кеңес қатысушыларының назарына 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді. Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қаблет Қанатұлы атқарылған жобалар мен қол жеткізілген нәтижелерге тоқталса, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Досмұханбет Сыдықбайұлы өткен жылдағы атқарылған жұмысын қорытындылады. Бөлім басшыларының баян­дамасынан кейін Ернар Есіркепов атқа­рылып жатқан жұмыстардың барысы мен ағым­дағы жылға арналған жоспарларына талқылау жүр­гізіп, ауданның тиімді және нәтижелі дамуын қам­тамасыз етуге бағытталған шараларға қатысты тиіс­ті мекемелерге хаттамалық тапсырмалар жүк­теді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: