Жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттарды қалай алуға болады?
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін беріледі. Әлеуметтік осал топтарға мыналар жатады:
1) атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
2) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар, оның ішінде жалпы орта, техникалық, кәсіптік, және жоғары оқу орныдарында күндізгі оқу нысанында (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін);
3) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
4) қоныс аударушылар;
5) қандастар;
6) еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
7) мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар.
Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы сауда объектілерінің аумағында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған үй-жайларды жалдау ақысын төлеу үшін беріледі.
Гранттар беру жыл ішінде екі лекпен өтеді.Business.enbek.kz сайты арқылы 08.04.2024 – 19.04.2024 жыл аралығында өтініш беруге болады.
Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ БОЙЫНША МАНСАПТЫҚ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ.