Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
109 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…

Ұлттар лигасындағы соңғы кездесуін Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары сырт алаңда Грузия елінің аяқ допшыларымен өткізіп, 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Шыны керек, Борис Пайчадзе атындағы «Динамо-Арена» стадионында өткен қос қарсыластың қарымта матчы тартысқа толы болды. Болгар маманы Станимир Стойлов жаттықтыратын ұлттық құраманың жігіттері барын салып ойнады. Алайда, «Қайрат» футбол клубының экс-бапкері Владимир Вайстан тәлім алатын грузиялықтар бұл жолы да сәтті ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластарға еш мүмкіндік берген жоқ. Ойын барысындағы алғашқы гол грузиялықтардың еншісіне жазылды. Яғни, матчтың 59-минутында Георгий Меребашвили гол соғып, таблодағы есепті 1:0-ге өзгертті. Георгий Чакветрадзе қонақтардың қақпасына екінші голды соққан сәтте қазақ жанкүйерлерінің көкейінде үміттен гөрі күдіктің басымырақ болғаны жасырын емес. Дегенмен, Роман Мұртазаевты алмастырған Оралхан Өміртаев ойынның 90-минутында есепті 2:1-ге қысқартты. Отандастарымыз қанша мәрте шабуылға иек артқанымен грузиялық футболшылар сәтті қорғана білді. Артынша матчтың бас төрешісі португалиялық Тьягу Мартинштың да ысқырығы естілді. Нәтижесінде, турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы өз тобында 6 ұпаймен 2 орынға жайғасты. Тбилисидегі жасыл алаңға Станимир Стойлов мынадай құрамды шығарды. Қақпашы: Дмитро Непагодов, қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Гафуржан Суюмбаев және тірек қорғаушы (опорник) Исламбек Қуат. Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мұжықов, Максим Федин, Бахтиор Зайнутдинов, Роман Мұртазаев,(Оралхан Өксікбаев). Шабуылшылар: Алексей Щеткин (Юрий Перцух).
Марат ДИХАНБАЙ.