Біз біргеміз!

157 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау жерінде өткен үшінші Құрылтайда елдік мүддеге қатысты көптеген ордалы ойлар айтты. Өз басым Президенттің әрбір бастамасын қолдаймын. Ұлттық Құрылтайда жастарға қатысты да көптеген сөздер айтылды. Енді жастар, осы сөздерден тәлім алып, кез келген істерге белсене араласуы керек деп есептеймін.
Қазір елдегі жағдайды да көріп, біліп отырсыздар. Еліміздің 10 облысын қарғын су басып жатыр. Бұл туралы ел Президенті жақында ғана сөйлеген Үндеуінде: «Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз,барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы азаматтардың амандығы.Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқада көмек беріледі және тікелей өз бақылауында екендігін айтып өтіп, қазіргі таңда мемлекет тарапынан су тасқынының салдарын жою бойынша белсенді шаралар қабылдануда материалдық шығындар толық өтеледі» – деді.
Осындай қиын уақытта бір-бірімізге демеу болуға шақырамын.
Біздің күшіміз – бірлікте. Біріксек қана бұл қиындықты жеңе аламыз!
Елімізге келген аппаттан аман есен шығуымызды тілеп, барынша қолдау көрсетіп, бірлікте болайық. Батыс өңіріндегі ағайындарға сабырлық берсін. Бұл біздің қолымыздан келеді. Біз біргеміз!

Әмина АБСИМЕТ, ерікті жас.

Поделиться ссылкой: