Абайлаңыз, өрттен келер қауіп көп

129 Views

Тұрғын үйлер және пәтердегі өрт оқиғалары адамдарға қайғы-қасірет әкелуде. Статистика бойынша тұрғын үй мен пәтерлерде өрттің шығуына негізгі себептер: тұрмыстық электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде, пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып отыр. Мас күйінде темекі тарту салдарынан, сонымен қатар электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен болып отыр. Егер сіздің үйіңізде немесе пәтеріңізде электр өткізгіш сымдарына және электр аспаптарына зақым келсе, тез арада электр маманын шақырыңыз.
ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ: Өртті болдырмау үшін сізге мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтанғаныңыз жөн:
– электр және газ құралдарын қосу­лы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;
– уақытша және зақымдалған электр өткіз­гіш сымдарын пайдаланбаңыз;
– электресептегіштердегі электр­­­сақтандырғыштар зауыттан дайын­дал­ған болуы тиіс;
– үлкен көлемдегі электр құрал­да­рын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз;
– газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;
– сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
– бөлмені жылытуға бейберекет қолдан жасалған электр-жылытқыш құралдарын қолданбаңыз;
– балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз.
Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы 101-ге хабарласыңыз.
Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау – сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайды.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: