Көкдөненге спорт кешені, жақсылыққа мәдениет үйі салынса…

39 Views

Дәл осындай кездесу кеше Көкдөнен ауылында да өтті. Көкдөнен ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесуге аталмыш ауылдық округке қарасты Жақсылық ауылының тұрғындары да қатысты.
Адалын айту керек, Көкдөнен ауылында көп мәселенің дені өз шешімін тапқан. Алайда, тұрғындар ауылға спорт кешені ғимаратын салу жөнінде ұсыныс білдірді. Көкдөнен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәрбоз Ағыбаев таудан келетін ағын судың және ауылдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы сөз қозғады.
Одан кейін сөз сөйлеген Жақсылық ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Тұрманбетов те Жақсылық ауылындағы түйткілді мәселелерді көтерді. Оның ішінде ауылдағы Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауылға мәдениет үйін салу секілді мәселелер бар. Аудан басшысы ардагерлер мен ауылдық округ тұрғындары көтерген әрбір мәселе бақылаусыз қалмайтынын айтып, аудандық атқарушы билік тарапынан ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Жалпы, Көкдөнен ауылдық округінің тұрғындары аудан аумағында іске асып жатқан баянды тірліктерге дән риза.

Поделиться ссылкой: