Сот еңбек дауын шешті

153 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында еңбек дауына қатысты азаматтық ісі қаралды. Талап қоюшы Б. жауапкер «Т.» КММ-не жұмыстан босату туралы 2023 жылғы 17 шілдедегі бұйрығын заңсыз деп танып, жұмысқа қайта орналастыру және лажсыз жүрген уақытысына еңбек ақысын өндіру туралы арызбен жүгінді.
Азаматтық істі сотта қарау кезінде анықталғаны, 2020 жылдың сәуір айынан бастап талап қоюшы Б. мен жауапкер «Т.» КММ арасында нақты еңбек қатынастары қалыптасқан. Онда талап қоюшы А. «Т.С-2014» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК басшысы болып жұмыс істеген.
Еңбек шарты тараптар арасында жасалған. Талап қоюшы талап арызында, еңбекке уақытша жарамсыздық парағында болғанын, бұл жөнінде ол өзінің жұмыс орнындағы қызметкері К.-ға телефон арқылы хабарлағанын, жауапкер оны жұмыстан шығару туралы хабарлағанын, еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес қызметкерді ауру кезінде жұмыстан шығаруға тыйым салынады деп санайды. Сондықтан соттан оны жұмыстан босату туралы бұйрығы заңсыз болғандықтан оның күшін жойып, бұрынғы жұмысына қайта алып, лажсыз жүрген уақытысына еңбек жалақысын өндіруді және моральдық зиянды өндіруді сұрады.
Сот жұмыс берушінің тарапынан «Б.-ны белгісіз себептер бойынша бір айдан астам жұмыста болмаған» деген негізбен босатуын негізсіз деп санайды. Себебі жұмыскерге қатысты сол кезеңдерге еңбекке уақытша жарамсыз парақтары шығарылған. Соттың істі қарау нәтижелері бойынша Б.-ның талап арызы ішінара қанағаттандырылды.
«Т.» КММ-сі Б.-ны жұмыстан босату туралы 2023 жылғы 17 шілдедегі бұйрығын заңсыз деп танып, оның күші жойылды. Талап қоюшы Б-ны бұрынғы қызметіне қайта алынып лажсыз жүрген уақытысына орташа мөлшеріндегі еңбек жалақысы өндірілді.
«Т.» КММ-нен талап қоюшы Б-ның пайдасына моральдық зиян өтемі өндірілді. Шешім заңды күшіне енген.

QT-ақпарат.

Поделиться ссылкой: