Аппараттық кеңес өтті

142 Views

Өткен сәрсенбіде аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен әкімдіктің кіші мәжіліс залында аппараттық кеңес өтті.Кезекті кеңесте күн тәртібіне сәйкес үш мәселе қаралды. Атап айтқанда, аудандағы қоғамдық саяси ахуал, су тасқындарының алдын алу шаралары мен көктемгі әскерге шақыру науқанының өту барысы туралы баяндамалар тыңдалды.
Тиісті бөлім басшыларының баяндамаларына сәйкес, қазіргі уақытта аудандағы қоғамдық саяси ахуал тұрақты бақылауда және су басу қаупі бар елді мекендер де анықталмаған. Сонымен қатар, 18-27 жас аралығындағы аудан азаматтары Отан алдындағы әскери борышын өтеуде бәсеңдік танытып, белгіленген меже орындалмауда.
Аудан басшысы аталған өзекті мәселелер аясындағы баяндамаларды тыңдап, бірқатар хаттамалық тапсырмалар жүктеді.
Олардың ішінде су тасқындарының алдын алу бағытындағы ауылдық округ әкімдеріне тұрақты кезекшілік ұйымдастырып, қадағалау шараларын іске асыруды және әскери борышын өтеуі қажет тұрғындар арасында күзгі маусым науқанына қарай тиісті бөлімдермен бірлесіп насихаттау шараларын жандандыру бағытындағы хаттамалық тапсырмаларды атап өтуге болады.
Аппараттық кеңес соңында аудан әкімі Ернар Есіркепов қосымша МӘМС, инвестиция тарту мәселелері аясында талқылау жүргізіп, бұл бағыттарға да жауапкершілікпен қарап, жоспарлы жұмыс жүргізілуі қажеттігін жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: