Аппараттық кеңес өтті

126 Views

Кеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Аппараттық кеңесте аудандағы қоғамдық-саяси ахуал және мәдени, спорттық шаралардың өткізілуі туралы талқыланды. Тиісті бөлім басшыларының баяндамаларын тыңдаған аудан басшысы аталған мәселелер аясында талқылау жүргізіп, бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді. Атап айтқанда, қазіргі уақытта қарғын судың салдарынан еліміздің бірқатар өңірлерінде күрделі жағдай орын алуда. Осы мақсатта аудан басшысы ауылдық округ әкімдеріне, ел басына туған сын-қатер сәтте еліміз қиындықты еңсеріп, қауіпті сейілткенше аудан тұрғындарының ынтымақтастық танытып, бұқаралық шараларды кейінге шегере тұруға шақыруды және бұл бағытта насихат жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, кеңес соңында су тасқындарының алдын алу, көктемгі дала жұмыстары мен республикалық «Таза Қазақстан» экоакцияларының өту барысы туралы талқыланды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: