Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Хакім Абай Дін тұрғысында да қазақ халқына біраз өсиет жазып қалдырған. Ол өзінің қара сөздерінде дін мәселесіне айрықша тоқталып, оның сыры мен мазмұнын ашып жазған.
Ол өзі өмір сүрген кезеңнің ішкі-сыртқы сырын жете түсініп, қазақ елінің бейнесін айқын көрсете білді. Медреседе білім алып, шығыстың классикалық әдебиетін толық игерген ақын адам баласын имандылық пен инабаттылық жолына тәрбиелеуде ислам дінінің үлкен үлесі бар екенін мойындап, оны уағыздаудан еш жалықпаған. Ол өзі де Ислами ілімдерді, соның ішінде хадис пен Құран аяттарын жаттап қана қоймай, олардың мәніне терең үңіліп, ой-толғамымен жаңа болжамдар ұсынған. Сондықтан болар, қара сөздерінде хадистер мен аяттарды молынан қолданған. Құран Кәрім Алланың бағыныштыларын ізгі ниетпен өмір сүруге, әділ және адал болуға үйретеді. Құран мәтінінде «Ислам» (Аллаға бағыну) және «иман» (сенім) сөздерінен басқа «ихсан», яғни «ізгілік» сөзі айтылады. Абай өзінің қара сөздерінде әділдікке, жанашырлыққа, ізгілікке шақырады.
Отыз алтыншы қара сөзінде Абай Құнанбайұлы ұят сезімі сияқты адамгершілік категориясына назар аударады. Ол былай деп жазады: «Біздің пайғамбарымыздың сөзінде: «Кімде ұят жоқ , сенімі де жоқ», – делінген. Халық мақал-мәтелінде: «Кімде ұят болса, онда иман бар», – делінген. Ұят иманның ажырамас бөлігі екені белгілі болады. Нағыз ұят – шариғат заңдарына, ар-ожданға, адамның қадір-қасиетіне қайшы келетін теріс қылық жасамау».
Абайдың 38-ші қара сөзінде Алланың көркем есімдері мен сипаттары туралы терең, діни философиялық талдау айтылады. «Аллаһты бар дедік, бір дедік, ғылым құдіреті сипаты бірлән сипаттадық» – деп, Аллаһтың бірлігі мен барлығын негіздейді.
Алланың өзі де рас, сөзі де рас.
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті,
Аллаһты танытуға сөз айырмас.
Аманту оқымаған кісі бар ма?
Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді, ол сіздерге сөзді ұғарға.
Ақын бұл өлеңде Жаратушының барлығына ешқандай шек келтірмейді. Абайдың бұл өлең жолдары Кәлима шаһада сөзін негіздейді. Сондай-ақ, Забур, Таурат, Інжіл, Құран кітаптарын айта отырып, кітаптарға иман келтіру шартын меңзейді. Жаратушыға иман келтіруді ойшыл Абай айқын әрі нақты көрсеткен. Жаратушы адамзатқа өзіне сыйыну мен құлшылық етуді қалағандықтан пайғамбарлар арқылы өзіне ғибадат етудің қағидаларын білдірген. Адамдарда жиі көңіл-күйі, мінез-құлқы, талғамы, өмірге деген көзқарасы өзгеріп отырады. Ал, Алла бір қалыпта, өзгермейді.
Қорыта келгенде, Абайдың діни көзқарасы сенім тұрғысынан да, шариғи тұрғыдан да мол екенін шығармаларынан байқаймыз. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі де дінмен тығыз байланысты екенін хакім Абай жақсы жеткізді. Діннің догма емес терең рухани тәрбие, ізгілік және адамгершілікке шақыратынын түсіндірді.
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі.