Көп кітап оқып, жүлдегер атанды

256 Views

23 сәуір – әлем әдебиетінің символикалық датасы. 1996 жылдан бастап Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аталып өтіледі. Осы күнге орай тақырыптық шаралар, кітап көрмелері мен фестивальдар ұйымдастырылады. Бұл бастамадан Қазақстан да шет қалмайды. Әрине, мемлекеттік саясаттың басым бағыты қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту болып табылады. Жуырда өткен Ұлттық Құрылтайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кітап күнін құру туралы ойды қолдаған болатын.
Осы орайда Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап, ғылыми кітапханасы «ART&SCIENCE: Білімге деген құштарлық» атты кітап фестивалін өткізді. Дәл осы мақсатта «Үздік оқырман – оқуға құштар оқырман» деп аталатын өңірлік кітапханалар арасында марафон өткізілді. Яғни, жыл бойы ең көп кітап оқыған оқырмандар арасынан жеңімпаздар айқындалуы тиіс. Аталған марафонға ауданымыздан Бауыржан Момышұлы атындағы ора мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, аудандық орталық кітапхананың тұрақты оқырманы Асылбек Утемуратов қатысты. Асылбек жыл бойы 127 дана кітап оқып, нәтижесінде ІІ орынға ие болды. Ізденімпаз әрі талабы мол жас ұстазды жеңісімен құттықтаймыз. Әрқашан биіктен көрінуіне тілектеспіз.

А. Искакова,
аудандық кітапхананың кітапханашысы.

Поделиться ссылкой: