ҰЛЫ ДАЛАМ – ҚАЗАҚҚА МӘҢГІ МАҚТАН, Елін сүйген, елі сүйген ЕЛБАСЫ

833 Views

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында мерекелік жиын болып өтті. Салтанатты жиынды аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісов ашып берді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», сондай-ақ, жуырда ғана барлық баспасөз беттерінде жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларын өз сөзіне арқау еткен аудан әкімінің орынбасары Елбасының ел игілігіне жасаған ерен ерліктерін қазақы қара сөзбен баяндап берді. Содан соң, Бейсенбек Әшімәліұлы Шорабек Атабаев, Тұрсынхан Жаманбаев, Шындос Мырзалиев, Мұрат Жайлыбаев, Ұланбек Омарбеков, Райхан Данияроваға «Астананың 20 жылдығы» медалін табыс етті. Бұдан бөлек, салтанатты шара барысында аудан экономикасы мен мәдени өміріне өлшеусіз үлес қосқан бір топ азаматтар мен азаматшалар облыстық Қоғамдық Кеңестің және ауданымыздың 80 жылдығына арналған мерекелік медальдармен марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, жиынға қатысушылар аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының орындауындағы көңілге жігер сыйлайтын патриоттық әндерді тыңдады.

Марат ДИХАНБАЙ.

Поделиться ссылкой: