289 Views
Өткен сәрсенбіде аудан басшысы Ернар Серікәліұлы аудандағы іске асырылып жатқан бірқатар нысандардың жұмысына шолу жасады. Соның бірі Жаңатұрмыс ауылындағы мәдениет үйі мен спорт кешенінің құрылысы. Бүгінде Жаңатұрмыс ауылында бой көтеріп жатқан құрылыс ғимараттарының қабырғасын қалау сынды жұмыстары толық аяқталған. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. 90 орындық мәдениет үйін жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделіп отыр. Ал жоспар бойынша спорт кешені тамыз айының аяғына дейін қолданысқа енгізіледі. Құрылыс жұмыстары аудан әкімі Ернар Есіркеповтің тікелей бақылауында. Сонымен қатар, аудан әкімі Ернар Есіркепов ауыл іргесіндегі 20 гектар алқапқа қант қызылшасын еккен «Шанс – М» шаруа қожалығының су үнемдеу технологиясын тиімді пайдалану әлеуетін бақылап, шаруамен жұмысты үйлестіру бағытында пікірлесті. Танысу барысында аудан басшысы Ернар Серікәліұлы Каменка ауылындағы «Қарақыстақ мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» мен Жаңатұрмыс, Қарақат ауылдарындағы «Жасыл белдеулерді» де зерделеп, бұл бағытта тиісті жұмыстарды жаңғырту шараларын назарға алуды тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Поделиться ссылкой: