Шоқ тілді Шона
18 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Тұңғыш Президент күніне орай аудан аумағында бірнеше әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді. Соның бірі – жеке кәсіпкердің демеушілігімен аудандық мәдениет үйінің артындағы саябақ ішінен салынған Ардагерлер үйі. Ашылу салтанатында ауданның Құрметті азаматтары Ілес Бекебаев пен Райзо Шәділбеков құттықтау сөз сөйледі. Олар аудан ардагерлеріне лайықты жағдай жасап, келбеті көз тартар әсем ғимаратты тарту еткен атымтай жомарт жандарға алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.
– Ардагерлер үйінде қарттардың бір уақыт бас қосып, жиын өткізулеріне, тынығып, шығармашылықпен айналысуына зор мүмкіндіктер қарастырылған екен. Өйткені, мұнда ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған демалыс орны, жиын өткізетін бөлме, ақылдасуға арналған мәжіліс залы, жеке асхана, мұрағат, тіпті бір мезгіл серпілу үшін қойылған бильярд үстелі де бар, -дейді Ілес ақсақал. Ал, Райзо Байдалыұлы болса, «Ауданымызда зейнеткерлер мен қарттардың өмір сүру сапасына көңіл бөлініп, сапалы жұмыстар жүргізіліп отыр. Соның бір көрінісі деп аудан қарияларының бірлесіп жұмыс істеуіне, түрлі идеяларды жүзеге асыруға арналған мына Ардагерлер үйін айтса болады. Енді қариялар осында келіп, теледидар көріп, газет-журнал қарап, кітап оқып, спортпен шұғылдануына болады» деп ағынан жарылды.
М.СЕЙДАШЫМ.