Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға дейін бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажеттігін тапсырған болатын. Осыған орай қазір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында еліміздің әр өңірінде балабақшалар салынып, ел игілігіне берілуде. Яғни, кәсіпкерлер мемлекет жасаған мүмкіндікті бос жібермей, «Балапан» бағдарламасын жандандыруға өз үлестерін қосып келеді.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Құлан ауылында «Бота» жекеменшік бөбекжайы кішкентай бүлдіршіндерге есігін ашты. Бөбекжайдың лентасын аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Шорабек Атабаев пен қоғамдық кеңес мүшесі Мұратхан Ыстыбаев қиып, бөбекжай ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.
Аталмыш бөбекжай 140 орынға арналған. Мұндағы 6 топқа бөлінген балаларға 15 тәрбиеші мен 6 көмекші қызметкер бар білгенін үйрететін болады. Сонымен қатар, әр түрлі үйірмелер мен қызықты сабақтар тәрбиеленушілердің ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін одан әрі арттыратыны сөзсіз. Жалпы, 30-ға жуық қызметкер еңбек ететін балабақшада барлық жағдай жасалған. Бүлдіршіндердің жататын орны, ойын алаңдары, тамақтанатын асханасы заманауи үлгіге сай жабдықталған.
Бүгінде аудан бойынша 20 балабақша мен 15 шағын орталық өз жұмысын жүргізуде. Елбасы бастамасымен қолға алынған бағдарлама бойынша алдағы уақытта әлі 2 жекеменшік бөбекжай ашу жоспарланып отыр.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.