Тазалық жұмыстары жүргізілді

144 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баста­ма­сымен республика көлемінде қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы жарияланған күн­нен бас­тап, ауданда «Таза өлке», «Киелі ме­кен», «Жа­сыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөл­дір бұ­лақ» апталықтарында аумақтарды абаттан­дыру, көгеріштендіру және арықтар мен бұлақ көз­­дерін ашу сынды іс-шаралар жүргізілген бола­­тын. Бұл жұмыстар өткен аптада да іске асып, аудан тұрғындары акция аясында белсенділік таны­тты.
Дәлірек айтар болсақ, өткен аптада 150-ге жуық адам Құлан ауылдық округіне қарасты Қарақат ауылындағы жаңа саябаққа отырғызылған тал-дарақтардың түбін қопсытып, шөп шабу жұмыстарын жүргізді.
Белсенділік танытқан жандардың қатарында 6 бірдей әкімдік пен 3 мекеме қызметкерлері бар. Олар су арналарын ретке келтіру, қоршау бағаналарын әктеу және саябақ аумағын тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұл бағыттағы игі бастамалар әлі де жалғасып, кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.
Жалпы аталмыш науқан аясында осы күнге дейін 12000-ға жуық тұрғын қамтылып, жоспарлы желілік кестеге сәйкес, 1100 тал-дарақтар отырғызылған. Сонымен қатар, 40 шақырым арықтар мен каналдар тазаланып, 18 саябақ пен 15 сквердің аулаларына сенбілік жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 600 тонна күл-қоқыс сыртқа шығарылған.

Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой: