Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Жер теліміне байланысты даулар көп кездесетін үдеріс болғандықтан, жеке меншікке жер алу, онда үй-жай, құрылыс салумен шұғылданатын азаматтар жер туралы заңдардың қағидаттары мен міндеттерін толық білуі шарт екені белгілі.
Мысалы, екі азаматқа аудан əкімінің шешімімен бір ғана жер телімі берілген. Осы себепке байланысты олардың араларында дау пайда болады. Жерді бөлген əкімнің шешімі негізінде жер комитетінен өзіне бөлінген жерге мемлекеттік актіні алған, оны жылжымайтын мүліктерді тіркеу орнынан өткізіп, ол жайында анықтама алған. Жердің заңды иегері екендігін бекіттіріп алған азаматтың құжаты заңды болып табылады.
Мəселен, кейбір жер алушылар өздерінің жерге деген құқықтарын уақытында заңдастырмайды. Ал, ол жерді екінші бір азаматқа бергенде, жер өзіне бөлінген деп дауласады. Бөлінген жерді сол уақыттан бастап пайдаланбайды əрі заңдастырмайды. Ал, екінші адам оған жерді белгілеп берген күннен бастап, сол жерде құрылыс жұмыстарын жүргізеді. Оған дейін ол жерді заң талаптарына сай өзінің атына заңдастырып та алады. Құжаттары толық реттелген мұндай жерді алуға ешқандай заңсыздыққа жол берілмейді. Өйткені, жерді уақытында игермегендіктен азаматтар жер пайдалану құқығынан айырылады.
Мұндай жағдайларды болдырмас үшін біздің азаматтар өздерінің құқықтарын жақсы білуге тиіс. Сонда ғана олар жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы шенеуніктерден заң талаптарының дұрыс орындалуын талап ете алады. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншікке жəне жекеменшікке құқықтық қатынастар қатар жүреді жəне олар бірдей қорғалады.
Құқық белгілейтін құжаттардың қатарына: атқарушы органдардың жер теліміне құқық беру туралы құқықтық актілері, сатып алу-сату шарттары (айырбастау, сыйға тарту немесе жер телімін иеліктен шығару туралы өзге мəмілелер) жəне сот органдарының жер теліміне жекеменшік құқығын, жер пайдалану құқығын жəне жерге өзге заттық құқықтарды тану туралы шешімдері жатады. Сондай-ақ, əкімдердің шешімдері, қаулылары – құқық белгілейтін құжаттар қатарына жатады.
Осы көрсетілген заң талаптарын жəне құқықтық құжаттардың қажеттілігін еліміздің барлық азаматтары жетік білуі керек. Сонда ғана жерді өз меншігіне алуда заңсыздыққа жол берілмей, басы дауға түспей пайдалануына мүмкіндік болады.
Л.Байтленова, аудандық соттың судьясы.