Ұнды фортификациялаудың пайдасы

169 Views

Фортификация дегеніміз – өнімді адам денсаулығы үшін қажетті дәрумендермен, минералдармен байыту процесі .
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының өзекті проблемаларының бірі – темір тапшылықты анемия. Симптомдары жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, бас ауруы, дененің, еріннің бозаруы, тәбеттің жоқтығы, сезгіштіктің жоқтығы. Мәселені шешудің маңызды әдістерінің бірі тек байытылған (фортификацияланған) ұнды сату. ДДСҰ деректеріне сәйкес, денсаулық сақтау бойынша іс-шаралардың 15%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін. Ұлт денсаулығы 70%-ға өмір салтына, бірінші кезекте тиімді тамақтануға байланысты.
Витаминдер мен минералдар қоректік заттар жетіспеушілігінің, соның ішінде темір тапшылығы анемиясының, бірқатар аурулар мен туа біткен кемістіктердің алдын алуға ықпал етеді. Оларды қалпына келтірудің ең дұрыс тәсілі – тамақты, оның ішінде ұнды витаминдермен және микроэлементтермен байыту болып табылады. Ұн – бұл фортификация үшін өте ыңғайлы өнім. Өйткені ол жаппай тамақ өнімдерінің қатарына кіреді. Ұннан жасалған өнімдер емес нақты ұнды фортификациялау тұтынушылар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 111-бабына сәйкес, темір тапшылығы жағдайларының алдын алу бойынша талаптар регламенттеледі. Онда белгілі бір сұрыпты ұнды микроэлементтермен және витаминдермен міндетті түрде байыту көзделген.
Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұны құрамында темірі бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен міндетті түрде фортификациялануға (байытылуға) жатады.
Қазақстанда ұнды фортификациялау үшін халықтың қажеттілігін, климаттық, географиялық және басқа факторларды ескере отырып, Қазақ тағамтану академиясымен арнайы әзірленген және сыналған дәрумендер мен минералдардың қоспасы (премикс) пайдаланылады. Премиксте темірден басқа фолий қышқылы, мырыш және В дәрумендері бар. Темір және фолий қышқылы бізді және жақын адамдарымызды анемиядан, ана өлімінен, жүрек соғысы мен инсульттан қорғауға көмектеседі. Ұн тарту кәсіпорындарында жоғары және бірінші сұрыптағы ұнды өндірудің соңғы кезеңінде дозатордың көмегімен бір тоннаға 150 грамм есебінен премикс қосылады. Содан кейін арнайы құрылғы дайын өнімнің біркелкілігін қамтамасыз ету үшін барлық дәрумендерді мұқият араластырады.
Темірмен байытылған ұнды тұтыну организмдегі темір мөлшерінің артуына әкелмейді. Керісінше, мұндай ұнды қолданудың әсері бірден пайда болмайды. Өздеріңізді және жақындарыңызды жоғарыда көрсетілген аурулардың алдын алу үшін, гемоглобин деңгейі қалпына келтіру үшін байытылған ұн мен нанды үнемі тұтыну қажет.

К.Нурбаева,
аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
бас маманы.

Поделиться ссылкой: