Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

95 Views

Жылдамдықты ұлғайту және көлік ағынының қозғалыс қарқындылығы жол-көлік апатының туындауына, едәуір материалдың шығыны және адам өліміне әкеп соқтырады.

Автокөліктердің пайдалану тиім­ділігін арттыру оның қауіпсіздік жағ­дайын қамтамасыз етуге тікелей байла­нысты. Автокөліктерді пайдаланудағы кауіпсіздікті арттырудың ең маңызды элементтерінің бірі, оның өртке қауіп­сіздігін қамтамасыз етуде. Авто­кө­лік­терде болған өрттердің салдары ауыр апаттарға, адам өлімі мен техни­ка­лардың істен шығуына әкеліп соғады. Сондықтан автокөліктердің өрт қауіп­сіздігі жағдайын арттыру мақса­тында оларды алғашқы өрт сөндіру кұралдарымен жабдықтау қажет.
Көліктерді апаттардан және өрт­­тер­­ден сақтау мақсатында тө­мен­дегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақта­ған­дарыңыз жөн:
– автокөліктердің механизмдері мен тораптардың дұрыс істеуін қадағалаңыз;
– аккумуляторларды тура көлік құрал­дарына, сондай-ақ, осы мақсатқа икемделген үй-жайларда қуаттауға тыйым салынады;
– гараж бөлмесін жылытуға, жарық­тандыруға және көлік қоз­ғалтқыштарын қыздыруға ашық от көздерін (от, жалын, қыздыру лампалары) сонымен қатар, қолдан жасалған электр жылыт­қыштарын пайдаланбаңыздар;
– гараж бөлмесінде жанатын мате­риал­­дардан жасалынған үй жи­һаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйықтықтар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды сақта­маңыздар;
– гараж бөлмесінде темекі шек­пеңіздер;
Автокөліктерде болған өрт­тер­ді талдау нәтижесінде өрт­тердің шығуы­ның басты себебі, авто­мобильдердің электр тізбектеріндегі қысқа тұйық­талулар салдарынан болғандығы анықталады. Егерде автокөліктердің тетіктерінде ақаулар байқалған жағдайда оны тез арада жөндеу керек.
ҚОЗҒАЛЫС КЕЗІНДЕ АВТО­КӨЛІК ЖАНҒАН КЕЗДЕ КЕЛЕСІ ӘРЕКЕТТЕРДІ ІСТЕУ ҚАЖЕТ:
• автокөлікті тоқтатыңыз;
• қозғалтқышты өшіріңіз;
• барлық жолаушыларды шыға­рыңыз.
• егер от кішігірім болса, авто­көліктегі өрт сөндіргішті пайдаланып, отты сөндіруге тырысыңыз;
• капоттың құлпын босатыңыз, бірақ капотты ашпаңыз;
• қозғалтқыш бөлігіндегі өртті сөндіру кезінде суды қолданбаңыз. Себебі, бұл электр сымдардың қысқа тұйықталуына немесе жанып жатқан бензиннің таралуына жол беріп, жану көлемін ұлғайтуы мүмкін;
• егер жақын арада автокөлік жана бастаса мүмкіндігінше өзіңіздің көлігіңізді қауіпсіз жерге апарыңыз.
• «101» немесе «112» телефон нөмір­лері арқылы өртке қарсы қызметін шақырыңыз.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт
сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: