Республикалық экоакция жалғасуда

127 Views

«Айналайын Атамекен, Ақ мекен! Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!» – деп, ақын Мұқағали Мақатаев жан-жүрегімен жырлағандай, киелі жер, құтты қоныс, қастерлі мекеннің құшағынан ешқашан кеткің келмейді. Сұлу төрін көрген сайын көргің келе береді… Бұл – атамекеніміздің шапағаты. Үйдің тазалығы іргесінен, ауласынан көрінеді.
Ал таза көше мен көгал саябақтар елдің айнасы іспетті. Қоршаған ортасы таза елдің жаны да таза.

Осындай мысалдарға толы «таза­лық» сөзінің мағынасы терең. Жеке тазалықтан бастап, қоғамдық тазалыққа дейінгі әрекеттердің барлығы адамның шынайы ниетімен жасалатын дүние.
Елімізде республикалық эколо­гия­лық «Таза Қазақстан» акциясы жал­ғасып жатыр. Акцияның аты айтып тұр­ғандай, оның мақсаты – азаматтарды өз қаласы мен ауылын, ауласын таза ұстап, көшет отырғызуға үндеу.
Дәл осы мақсатта мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Кемелұлының баста­масымен республикалық көлем­де жүзеге асырылып жатқан «Таза Қа­зақстан» экологиялық акциясы ая­сында Құлан ауылындағы «Ардагерлер үйінің» аллеясы тазаланды. Акцияға зиялы қауым өкілдері мен аудан жастары, қоғамдық жұмысшылар бел­сене қатысып, аллея аумағы күл-қоқыстардан тазартылып, гүлзарларға абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, акция барысында белсенділік танытқан бірқатар аудан тұрғындарына округ әкімінің алғыс хаты табысталды. Айта кетейік, жал­пы аталған экоакция барысында 6 әлеу­меттік нысан, 2 көп қабатты үйлер және 50-ден астам ардагерлер мен қарт­тардың аулалары, барлығы 40 шақырым арық-канал жүйелері және 18 саябақ, 15 сквер тазаланып, 1 100 түп тал-дарақтар отырғызылды.

Гүлнұр ЕРКАЗЫҚЫЗЫ.

Поделиться ссылкой: