Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

147 Views

Мемлекеттік тіліміз егемен елдігі­міздің анық айғағы, қадірлі де қастерлі – ана тіліміз. Тіл ұлттың жаны, қыз­ғыш­тай қорғайтын асыл қазынасы. Сонау ата-баба дәстүрінен жалғасып келе жатқан қаймағы бұзылмаған мұрамыз. Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол елдің мәдениеті мен салт-дәс­түрін, тарихи тұжырымын қоса айғақтайтын тәуелсіздігіміздің жемісі.
Қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тілі­­міз. Қазақстанда тұратын, оны елім, жерім деп қабылдайтын, өзін Қазақстан­ның патриоты деп есеп­тей­тін азаматтардың тілі. Елбасымыз айт­қандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Ендеше, барлығымыз отбасымыз бен ұлтымызды қадір­легендей ана тіліміз болған қазақ тілді солай қадірлеп әрдайым құрмет көрсе­тейік. Қазақстанның азаматымын деп санайтын әрбір адам мемлекеттік тіл­ді білуі шарт деп ойлаймын. Бола­шағымыздың жарқын болып, туымыздың көкте желбіреп тұруы да осы қазақ тілімізге тікелей байланысты. Қазақ деген ұлттың бар екенін бүкіл әлемге паш етіп елдігімізді көзі­міздің қарасындай сақтап, ұлттық болмысымызды жоғалтпау мына жастар біздің қолымызда. Ол үшін қолдан келгеннің барлығын жасап, қазақ тілінің болашағы үшін аянбай тер төгу азаматтық борышымыз деп қабылдайық.
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – біз, яғни қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Қазіргі таңда мемлекетімізде мемлекеттік тілге көшу қарқыны енді іркілмейтін үрдіске ауып барады. Барлық мемлекеттік органдар, меке­мелер мемлекеттік тілді дамыту мен қолдануды жүзеге асырып, әртүрлі іс-шаралар өткізу үстінде. Сонымен қатар газет-журналдарда, теледидарда әртүрлі бағдарламаларда мемлекеттік тілдің маңыздылығы туралы аз айтылып жатқан жоқ. Мұның барлығы тіліміздің болашағы үшін атқарылып отырған жұмыс деп айтсақ артық етпес.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік тілі­міз – қазақ тілінің қашанда жұлдызы жарық, үстемі биік болуына атсалы­сып әрдайым құрметпен қарау – аза­мат­тық борышымыз деп білейік.
Ж.Қожабекова,
аудандық «Тілдерді оқыту»
бөлімшесінің оқытушысы.

Поделиться ссылкой: