өнерге құштар жан еді… егер ол арамызда аман жүрсе, биыл 70 жасқа толар еді

99 Views

Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, белгілі қолөнер шебері, мүсінші Смайыл Ырғалбеков 1954 жылы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Қарақат ауылында дүниеге келген. Жас кезінен өнер жолын таңдаған талант иесі 1976 жылы Луговойдағы зоовет техникумда оқып жүргенде-ақ, атақты мүсінші, математик, стенографист Қырғызбай Қаңтарбаевтың көзіне түсіп, оның қолөнер шеберханасындағы ғұлама туындылардың куәсі болды. Техникум қабырғасында оқып, мал дәрігері мамандығын алған оны бұл кезде мүлде басқа «әлем» өзіне шақырып тұрған болатын. Ол туған әпкесі Үміттің Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданында ең алғаш мал емдеп жүргенде әпкесінің сиыр сауып отырған суретін салып ойы он бөлек жүретін. Үміт әпкесі география маманы болған соң, оған сан түрлі эскиздер тарту етіп, әпкесінің Оқу Министрінің Алғыс Хатын алуына септігі тиді.

Поделиться ссылкой: