Баршаның назарына!
25 ViewsБаршаның назарына! Ардақты ағайын, қадірлі қонақтар! Сіздерді қазақтың ұлттық дәстүрі мен рухы тоғысқан айшықты мереке саналатын «Қымызмұрындық – 2026» іс-шарасына шақырамыз! Бұл іс-шара Мемлекет…
Жамбыл облысында пилоттық жоба ретінде бастау алған «Ауыл аманаты» бағдарламасы бүгінде ауыз толтырып айтарлықтай нәтижесін беруде. Осы орайда, бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспеновтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша кездесу өтті. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен ауылшаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен кездесуге ауыл әкімдері, кәсіпкерлер мен бағдарламаға қатысуға ниетті тұрғындар да қатысты.
Сондай-ақ, жиынға «Taraz» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы маманы Нұржігіт Мәукенов арнайы келіп, бағдарлама бойынша 2,5% берілетін несие жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Құлан-медиа» ақпарат.