Баршаның назарына!
24 ViewsБаршаның назарына! Ардақты ағайын, қадірлі қонақтар! Сіздерді қазақтың ұлттық дәстүрі мен рухы тоғысқан айшықты мереке саналатын «Қымызмұрындық – 2026» іс-шарасына шақырамыз! Бұл іс-шара Мемлекет…
2024 жылғы 14 шілдеде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 6 233 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 3263 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 32 сайлаушы қатысты. Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Луговой ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді.
Луговой ауылдық округі бойынша:
Абдуалиев Ғабит Қабылұлы үшін сайлаушылардың 272 дауысы берілді;
Несіпбеков Мақсат Несіпбекұлы үшін сайлаушылардың 275 дауысы берілді;
Өмірқұлов Жасұлан Бейшенқұлұлы үшін сайлаушылардың 2596 дауысы берілді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 48.
Сайлау қорытындыларымен: Луговой ауылдық округінің әкімі болып Өмірқұлов Жасұлан Бейшенқұлұлы сайланды. 1992 жылы туған. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы. Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылының тұрғыны.
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы.