Медиацияның тиімділігі

94 Views

Медиацияның мақсаты – кінәлілерді іздеуге емес, ортақ шешімге келу жол­дарын іздестіре отырып, екі тарапты қанағаттандыратын келісілген шешімге қол жеткізу болып табылады. Оның басты қағидаттары – еріктілік, тарап­тардың тең құқылығы, құпиялылық, медиатордың тәуелсіздігі мен бейта­раптылығы, медиация рәсіміне арала­суға жол бермеушілігі болып табылады.
Екі жақтың өзара ымыраға келуі көп нәрсені шешеді. Бұл бітімгерлік.Сотқа жүгінудің де қажеті жоқ. Өйткені, медиаторлардың негізгі міндет-мақсаты дау-дамайларды осындай жолдармен шешу болып табылады.
Осы орайда Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен 2024 жылдың 6 айында 61 азаматтық іс татуласу келісі­мін бекітумен аяқталды. Оның ішінде 54 ісі медиациялық келісімді бекіту арқылы, 4 ісі бітімгершілікпен қаралған.
Бүгінгі таңда, аудан бойынша 16 медиация бөлмесі жұмыс жасайды. Ауданда кәсіби емес медиаторлардың, билер кеңесінің тізімдері жасақталды.
Сондай-ақ, аудандық сотта «Тату­ласу: сотқа дейін, сотта» жобасы ая­сында «Билер кеңесі» құрылып, бүгінде өз жұмыстарын «Ардагерлер алқасы» ғима­ра­тында бастап, даулардың тату­ласуына өз септігін тигізуде.
Қазіргі уақытта тараптардың өзара бітімге келіп, істің бейбіт жолмен шешілуінің өзі материалдық тұрғыдан қарағанда оңды және тиімді.

У.Акпанова,
аудандық соттың бас маманы.

Поделиться ссылкой: