2024 жылдың 6 айында 26 қылмыстық іс қаралған

105 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Серік Узбеков 2024 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі М.Диханбайдың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.
Сот төрағасы міндетін атқарушы сотпен атқарылған жұмыстар туралы және қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректерін айтып өтті.
2024 жылдың 6 айында 26 қыл­мыстық іс 26 тұлғаға қатысты қаралған. Оның ішінде 22 тұлғаға қатысты 22 іс үкім шығарумен аяқталған.
Есепті кезеңде 325 тұлғаға қатысты 325 әкімшілік іс қаралған. Оның ішін­де 251 іс бойынша әкімшілік жаза тағайын­далған, 74 қысқартылған. Оның ішінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы 39 іс қысқартылған.
Сондай-ақ, 2024 жылдың 6 айында 322 азаматтық іс қаралған. Оның ішінде 181 іс бойынша шешім шығарылған. Ал, 44 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 35 азаматтық іс қараусыз қалдырылды, 61 азаматтық іс қысқартылған, оның ішінде 54 азаматтық іс медиация тәртібімен, 4-еуі бітімгершілік тәртібімен қысқартылған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 24 мақала жарияланған, 7 дөңгелек үстел, 4 семинарлық сабақ, 2 баспасөз конференциясы өткізілген.
Соңында төраға міндетін атқарушы Серік Узбеков тілшінің сот жүйесіне қатысты барлық сұрақтарына жауап берді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: